Көкшетауда мектептің жертөлесі еріген қар суына толып қалды

568
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Көкшетауда Бірлік шағын ауданындағы №22 мектептің жертөлесі еріген қар суына толып қалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кеше сағат 22:10-да жертөледегі су сорылып сыртқа ағызылған. Су сору жұмыстарына 10-ға жуық техника тартылып, барлық электр құрылғылары шағын орталықта желіден ажыратылды. Бұл туралы Көкшетау қалалық білім бөлімінің басшысы Айгүл Нөгертаеваның айтты.

«Енді тәулік бойы кезекшілік қоямыз. Түні бойы мектеп ауласында болдық. Әкімдік ергін қар суының мектеп ауласына кіргізбеуге бар күшін салуда. Қазір мектептің жертөлелерінде су жоқ. Жүк көліктерімен құм тасымалдануда», - деп жауап қатты Kazinform тілшісің сауалына Айгүл Нөгертаева.

Айтуынша, бір түнде 40-қа жуық машина су сорылып, 10 машинаға жуық қар шығарылды. Дәл қазір қала бойынша жағдай тұрақты. Көкшетау қаласындағы барлық мектептер мен балабақшалардың көктемгі су тасқынына дайындығы бойынша ақпарат жинастырылуда.

Аумақтық ТЖД мәліметінше, Бірлік шағын ауданындағы №22 мектептің жертөлесіндегі суды соруға «Көкше-Тазалық» ЖШС атсалысқан.

«Су жертөлеге тартылған электр сымдарының саңылаулары арқылы аққан. Қазіргі уақытта судың ағуы тоқтатылды, - деді ведомстводан.

 

Пікірлер