Қаржыны қылмыстық жолмен жылыстатып, заңдастыру. Қайрат Сатыбалдының соты 1 сәуірде өтеді

668
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қайрат Сатыбалдыға қатысты басты сот отырысының уақыты белгіленді. Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Сотқа Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты іс түсті. Басты сот отырысы 2024 жылдың 1 сәуіріне сағат 10.00-ге белгіленді», - делінген хабарламада. 

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) бойынша (ҚК-нің 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) айып тағылды.

Сот ашық режимде өтеді.

Айта кетейік, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2022 жылы наурызда ұсталған болатын. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оған қатысты лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеген.

Араға бір апта салмай Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да ұсталды. Оған және басқа да тұлғаларға рейдерлік жолмен бизнесті тартып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Былтыр 4 мамырда Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 2023 жылдың маусымында Қызылорда соты бұрынғы үкімді назарға алып, кесілген жазаны ауыр жазаға алмастыру арқылы 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Антикор Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергелген. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады. Тергеу кезінде айыпталушы мемлекетке 8 млн доллар көлеміндегі қаржыны қайтарды.

Ал 2022 жылы Сатыбалды "Қазақтелекомға" келтірген шығынды өтеді. Сол жылы 6 жылға сотталды.

Пікірлер