"Тикток түбімізге жетеді-ау". Желіде егде жастағы әйелдің іс-әрекеті талқылануда

5178
Adyrna.kz Telegram
Фото: Гүлмира Әбіқайдың парақшасынан
Фото: Гүлмира Әбіқайдың парақшасынан

Тикток желісінде жынды адамша түрлі іс-әрекет жасаған әже көптің сынына қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Caravan.kz-ке сілтеп.

Әлеуметтік желіде "хит боламын" деп түрлі би билеп, әрекеттер жасап, көптің ашуына тигендер көп.

Журналист Гүлмира Әбіқай желіде талқыға түскен видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялап, тик ток желісіне тыйым салуды да ұсынды.

"Басты бәле тик токтан. Тиктокқа шығып кәрі де, жаста өз қадірін кетіруде. Көп мемлекет осы әлеуметтік желінің пайдасынан гөрі зияны көп екенін көріп, қолдануға заңмен тыйым салуда. Бұл интернет қауымдастық 2016-шы жылы пайда болды. Қазір айына 1 млрд. астам қолданушы тикток желісіне кіреді екен.

Ойлап тапқан Қытай азаматы Чжан Имин. Айта кетерлігі Қытайдың өзінде тикток жоқ. Орнына осының баламасы “Доуинь” жұмыс істейді. Мұнда боқтық сөз, жағымсыз әрекеттер шектелген! Тикток желісін қолдануға тыйым салынған мемлекеттер:
ЕуроОдақ көлемінде, Франция, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Бельгия және Түркия, Пәкістан, Үндістан, Сингапур, Малайзия. АҚШ Конгрессінің өзі кеше ғана бұл желіні қолдануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

Тіпті, көрші Қырғызстан тиктокқа тыйым салу жайын талқылауда.
Ал, біз Қара қатын қолтықшаштан бастап небіреулерді көріп келе жатырмыз. Тікелей эфирде ішіп масайып, сағаттап жел шығарып, тіпті, дәретке отыратындар да бар дей ма, құдай-ау?! Не істейміз?", — деп жазды журналист.

Екі көзін алартып, тілін шығарып, мазақ болған әжеге қатысты желі оқырмандары да түрлі пікір жазды.

"Мына апада көктемдік кризис па", "Стримда отыратындар әжелерді әже деуге келмейді", "Мынау не сұмдық!", "Осындай әжелерден тәрбиеленген балалар қандай болар екен?" деп жазған оқырмандар көп.

Пікірлер