Алматы облысында қойма өртенді

784
Adyrna.kz Telegram
Фото: Петр Карандашов
Фото: Петр Карандашов
Алматы облысы️нда қойма өртенді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Еңбекші қазақ ауданы Бәйтерек ауылында майлық шығаратын цех пен қойма жанған.
1000 шаршы метр аумақта өрт шарпыды. Жалын таяу орналасқан тұрғын үйге қауіп төндірген. Тілсіз жау әлі сөндіріліп жатыр.
"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді", - дейді ведомство.
Жеке құрамнан 60-қа жуық адам және 20-ға жуық техника жұмылдырылды.
Пікірлер