Активтердің қайтарылуы пысықталды

1744
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Берік Асылов еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттарына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді. Сондай-ол  құқықтық көмек көрсету және шетелде жасырынған қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелерін баяндады.

Бас прокурор бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, сот төрелігін жүзеге асыру үшін Қазақстанға қайтарылғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа активтерді қайтару мәселесі бойынша Еуропа Кеңесі, Интерпол, ЭЫДҰ және ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдармен өзара түсіністікке қол жеткізілгені жайында мәлімет берді.

Берік Асыловтың айтуынша, ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілген. Аталған жұмыстың нәтижесінде инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі арта түскен.

Сондай-ақ президентке еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқық саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде заңдылықты одан әрі нығайту және азаматтарды, соның ішінде кәсіпкерлерді қылмыстық элементтерден қорғау шараларын қабылдауды тапсырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер