Президент Амал күнімен құттықтады

682
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Х парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталя.

«Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсі!» – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.

Пікірлер