Әйелін суицидке итермелеген Қызылорда облысының тұрғынын сот кінәлі деп тапты

2219
Adyrna.kz Telegram

Сырдария аудандық соты әйелін өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеген Қызылорда облысының тұрғынын кінәлі деп таныды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Сырдария аудандық сотының үкімімен сотталушы А. есімді азамат, ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген сот үкімінде.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша айыпталуда.

Соттың айтуынша, құрбан болған әйел қорлау, қорқыту және үнемі зорлық көріп тірлік кешкен. Ол қорада асылған күйінде табылды.

Сот туыстарының, куәлардың айғақтарын, сараптама қорытындыларын, ерлі-зайыптылар арасындағы хат алмасуды зерттеді. Ер адам өз кінәсін мойындамады.

Қылмыс олардың анасына қарсы бағытталғандықтан, сот кішкентай балаларының болуына байланысты жазаны жеңілдеткен жоқ.

«Жауапкер А.-дан азаматтық талапкер Б.-ның пайдасына 10 000 000 теңге моральдық шығын, өкілдің қызметіне байланысты 1 580 000 теңге және сотқа қатысу шығындары 189 437 теңге өндірілді. », - деп хабарлады сот.

Мейрамбек ЕРБОЛАТҰЛЫ

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер