Президент Әзербайжанға ресми сапармен барды

696
Adyrna.kz Telegram
Фото: Президент баспасөзінің баспасөз қызметі
Фото: Президент баспасөзінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлады Halyq Uniтілшісі.

Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан президентін Әзербайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентінің «Загульба» резиденциясына барды. Резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.

Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Пікірлер