92 жастағы медиамагнат бесінші рет үйленбек

982
Adyrna.kz Telegram

92 жастағы медиамагнат Руперт Мердок жақын арада ресейлік кәсіпкер Роман Абрамовичтің бұрынғы қайын енесі Елена Жуковаға үйленбек. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық поотп

Бұл әлемдегі ең ірі медиа корпорациялардың бірі News Corp иегері Мердок үшін бесінші неке болмақ.

Мердоктың өкілдері New York Times газетіне оның 67 жастағы Жуковамен күйеуге шыққанын және үйлену тойы маусым айында Калифорниядағы магнаттың үйінде болатынын айтты.

Баспасөз мәліметтеріне сәйкес, Елена Жукова ресейлік миллиардер Александр Жуковтың бұрынғы әйелі және Роман Абрамович 2008-2017 жылдар аралығында некеде болған модель Дарья Жукованың анасы.

Австралиялық Руперт Мердок өткен жылы News Corp жаһандық медиа корпорациясы мен өзі құрған Fox телеарнасының басқарма төрағасы қызметінен кетіп, бақылауды балаларына тапсырды.

Баспасөздің хабарлауынша, ол өткен жаздан бері Елена Жуковамен кездесіп жүрген. 

Пікірлер