"Жоқ пәтерді жалдаған". 25 азамат алаяққа алданып қалған

992
Adyrna.kz Telegram
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

25 азаматқа жоқ пәтерлерді жалға берген алматылық құрықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.

Ер адам танымал сайтқа пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялаған.

"Жақсы" пәтерді арзан бағаға алуға ниеттенгендер бірден ақша жіберген. Алаяққа алданғанын кейін білген жәбірленушілер полицияға арызданыпты.

"Қазіргі уақытта полицияға жәбірленушілерден 25 арыз келіп түсті. Өздеріне ұнаған пәтерді алу үшін екінші деңгейлі банк карталары арқылы алдын ала ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін “кәсіпкер” адам байланысқа шығуын тоқтатты. Ол жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталып, қамауға алынды. Жоғарыда аталған қылмыстық эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, алаяқтық дерегі бойынша Әуезов аудандық ПБ-да қылмыстық іс тергеліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Пікірлер