"Қазақша тұңғыш комментарий жүргізген қазақ". Рабат Жәнібеков өмірден өтті

1494
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Белгілі спорт комментаторы, ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қаралы хабарды журналист Кемелбек Ойшыбаев жеткізді.

Әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында:

"Қазақ телевизиясының белгілі спорт журналисті, алғаш қазақ тіліндегі спорт комментаторы болған, ардагер Рабат Жәнібеков өмірден өткені туралы суық хабар таңмен келді. Рабат ағамыз туралы кішкентай кезімнен еститінмін, әкем Бақтығұл Ойшыбаев Рабат ағаймен КазГУде журналист мамандығына оқыған кезінде жатақханада бір бөлмеде тұрғанын айтып, студенттік шақтарын еске алатын.

Соңғы кезде ауырып жатқаны туралы ұлы Муслим хабарлаған. Ағамыздың арты қайырлы, жаны жанната болсын", - деп көңіл айтты.

Рабат Жәнібеков 1942 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеген келген. Марқұм қазақ телевизиясында бірнеше жыл бойы абыройлы қызмет етіп, комментатор болды.

Ол ең алғаш 1973 жылы Мәскеуде өткен Футболдан КСРО Чемпионатындағы "Қайрат" - "Торпедо" кездесуін жүргізді.

Пікірлер