Желіде баланы ұрып-соққан тәрбиешінің видеосы тарады

1021
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Әлеуметтік желіде балабақшалардың бірінде тәрбиешінің баланы ұрып, жұлқылағаны түсірілген видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оқиға Қостанайда болған.

Видео жазылған бейнеде тәрбиешінің баланы ұрып, кейін оны сүйреп әкеп орындыққа отырғызғанын анық байқауға болады. Қостанай қалалық білім бөлімінің өкілдерінің сөзінше қазір тәрбиеші жұмыстан босатылды.

Бұл оқиға шынымен болған. Бүгінде тәрбиеші жұмыстан босатылды. Әрі қарай іс заң аясында қаралады, - деді ведомстводағылар.

Ал полиция департаменті тәрбиешіге қатысты іс тіркеліп жатқанын айтады.

 Тәрбиешіні әкімшілік жауапкершілікке тартуға материал жиналды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Материалды әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сот қарайды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде балаға қол көтерген тәрбиешілердің әрекеті әшкере болған еді.

Пікірлер