"АҚШ бәрін істейді". Байден Газадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

1943
Adyrna.kz Telegram
Фото: Life.ru
Фото: Life.ru

Газадағы жағдай күн сайын нашарлауда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі rbc-ға сілтеп.

Газадағы ауруханаларда балаларға орын тапшылығы байқалуда. Ал науқастарды емдеу үшін медициналық препараттар жетіспейді.

ДДСҰ-ның хабарлауынша 5 жасқа дейінгі балалардың 0,8 пайызы дұрыс тамақтанбаудың кесірінен қатты зардап шегіп отыр. Себебі қақтығыс салдарынан азық-түлік те аздық етіп жатыр. Ал ақ халаттылар балалардың тойып тамақ ішпеуі түрлі ауруға әкеп соғуы мүмкін екенін айтады.

"Балалардың ашқұрсақ жүруі өлім санын арттыруда. Әр бала күніне 3 мезгіл тамақтануы тиіс. Алайда мұнда олар тәулігіне бір рет ас тұтынғанына тәубе етеді", - дейді дәрігерлер.

БҰҰ Израиль тарапының ауруханада емделіп жатқан 200-ге жуық адамға оқ жаудырғанын хабарлады. Халықаралық қауымдастықтар Израильдің шабуылынан кейін әуе жолымен парашют арқылы азық-түлік жеткізуге кірісті.

АҚШ президенті Джо Байден жүк жеткізудің қиындығына қарамастан амалын тауып, аймаққа қалайда көмек кіргізетінін мәлімдеген.

"Көбірек істеу керек болса АҚШ көп нәрсені жасайды. Алдағы күндері біз Иорданиядағы достарымызбен және басқалармен бірге Украинаға қосымша азық-түлік пен керек жарақтарды ауа арқылы-ақ қамтамасыз етеміз", - деді ол Газа секторын Украинамен шатастырып.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер