Қазақстанда 900 ресейлік әскер бар - вице-министр

859
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Қазақстанда 900 ресейлік әскер бар. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бүкіл Қазақстан бойынша 900 адам бар», - деді Жазықбаев сәрсенбі күні мәжіліс алаңында Қазақстанда Ресей әскерінің қанша өкілі бар деген сұраққа жауап беріп.

Сондай-ақ, Жазықбаев Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының ресейлік «Капустин Яр» полигонында әскери зымырандарды сынақтан өткізуге байланысты денсаулығына қатысты шағымдарынан кейін журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, Сары-Шаған полигоны туралы айтып, бұл жерде ешқандай сынақ жоқ деп сендірді. 

Айта кетейік, бұған дейін «Новая газета Europe» агенттігі жазғн Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының тұрғындары аймақтағы туа біткен денсаулық мәселелерін Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонында жүргізіп жатқан зымыран сынақтарымен байланыстыратынын жариялаған едік. 

Пікірлер