Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

1542
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайды қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлтты порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Президентке мансаптық және позициялық модель элементтерінен тұратын мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар ашық мемлекеттік аппарат құру, атап айтқанда, жеке сектордан білікті мамандарды тарту және жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді төменгі лауазымдарға конкурс өткізбей-ақ тағайындау шаралары жөнінде мәлімет берілді.

Президентке e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысы таныстырылды. Соның нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артты. Биыл e-Qyzmet іріктеу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және басқару жүйесін бюрократиядан арылту салаларына қатысты жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент сервистік және адамдарға бейімделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер