Қазақстандық Freedom Finance банкі ресейлік «Мир» карталарымен аударымдарын тоқтатты

1689
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық Freedom Finance банкі ресейлік «Мир» төлем жүйесінің карталарымен аударымдар жасауды тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" порталы ТАСС агенттігіне сілтеп. 

«Мир картасынан/Freedom Banker P2P аударымдары енді қолжетімсіз. Біз Цифра банкі арқылы немесе телефон нөмірлермен төлемдер мен аударымдарды жасауды ұсынамыз», - деді несие мекемесінің анықтамалық бөлімінде. Банк толығырақ түсініктеме беруден бас тартты.

Бұған дейін АҚШ Қаржы министрлігі санкциялар тізіміне ресейлік «Мир» карталарын пайдалану арқылы транзакцияларды өңдеуді қамтамасыз ететін Ресейдің Ұлттық төлем карталары жүйесін де (ҰТКЖ) қосқан болатын.

ҰТКЖ өз кезегінде санкциялар ел ішіндегі төлем қызметтерінің жұмысына әсер етпейтінін хабарлады. Шетелдік банктер өз инфрақұрылымында Mир карталарын қабылдау туралы шешімді өздері қабылдайды.

Ресей банктері санкцияға ұшырағаннан кейін бірқатар қазақстандық банктер 2022 жылы Мир карталарын қабылдауды тоқтатқан. Олардың ішінде, атап айтқанда, еліміздегі ең ірі Халық банкі бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер