Министр МӘМС байланысты Бектеновке ұсынысты қашан жолдайтынын айтты

1162
Adyrna.kz Telegram
Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесіне байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Негізі МӘМС жүйесі мен медицина саласына президент тарапынан тиісті сындар айтылды. Біз оның бәрін қабылдап, соңғы үш аптаның ішінде тиісті сараптамалар жүргіздік. Біз МӘМС пен денсаулық сақтау жүйесінің азаматтарға не себептен медициналық көмекті өз деңгейінде көрсете алмай отырғанын зерттедік. Осыған байланысты істейтін жобаларды бүгінгі күні дайындап жатырмыз.

Оның ішінде заңның аясындағы кейбір дүниелерді өзгерту қажет. Себебі мемлекет тарапынан кепілдендірілген және МӘМС жүйесі арқылы көрсетілетін медициналық көмек араласып жатыр. Осының себебінен халық, тіпті медициналық қызметкерлердің арасында түсініксіз мәселелер болып жатыр. Осы жағдай бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалануға алып келіп отыр. Сонддықтан МӘМС жүйесіне бақылау керек.
Қазіргі таңда тиісті жұмыстарды бастап кеттік. Себебі МӘМС жүйесі халықаралық тәжірибеде мемлекетке пайдасын тигізген жүйе. Сол себепті бұл жүйе бізге қажет. Бірақ тәжірибе жүзінде кейбір жерлерін дұрыстау керек. МӘМС жүйесін өзгерту концепциясын 11 наурызға дейін Үкімет басшысына ұсынатын боламыз. Ең бастысы халыққа қол жетімді сапалы медициналық қызмет көрсетуді енгу біздің ең негізгі мақсатымыз болып отыр», – деді министр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер