"Форбс" тізіміндегі Тимур кетті - ел аузындағы Гена келді. Боксшы жаңа қызметке тағайындалды

2249
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстанға келіп, қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстандық спортшы Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы болып сайланды.

Бүгін, 26 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясы өткен болатын. Жиын барысында ҰОК басқарушысы болып Геннадий Головкин таңдалды.

Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды, - делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Еске сала кетейік, аталмыш қызметті 2015 жылдан бері "Форбс" тізіміндегі елдегі алпауыттардың бірі, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев атқарып келген еді.

Пікірлер