"Жергілікті органдардан көмек болмады". Кеншілердің туыстары Президентке үндеу жолдады

746
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Шахта апатынан қайтыс болғандардың туыстары Президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Костенко шахтасындағы жарылыста жақынынан айырылғандар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, видео жариялады.

"Азаматтарымызды қайтара алмаймыз, алайда олардың ерлікпен қаза болуы ескерткіш ретінде орнатылса дейміз. Болашақта балаларымыз, немерелеріміз басына барып, құрметпен еске алса. Біздің өңірде әртүрлі шахтаға арналған ескерткіштер бар, бірақ шахта жұмысын тоқтатқан кезде олар да қараусыз қалып жатыр. Сондықтан ескерткіш жақындарымыз қаза болған жерде емес, кеншілер қаласы Қарағандының ортасында орнатылса дейміз”, - дейді марқұм болған кеншілердің туыстары.

Сондай-ақ, олар ескерткіштің орнатылуы Президенттің қатаң бақылауында болып, жұмыстың тездетілуін де сұрайды.

"Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Сізден көмек сұраймыз. Біздер, қайтыс болған қаһарман кеншілердің отбасылары, бірнеше мәрте жергілікті органдарға барып, бұл өтінішімізді айтқан едік. Алайда олардан еш көмек болмады. Президентіміз мұны бейжай қалдырмайды деп үміттенеміз", - дейді ашынған жұрт.

Пікірлер