Киік көшіне премьер араласты

1717
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Киіктердің кедергісіз өрістеуі үшін экодуктар салу тиімсіз. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚпзАқпаратқа сілтеме жасап.

«Киіктердің популяциясын реттеу мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп, олардың санын бақылаудың, оның ішінде экодуктар салу арқылы тарихи өрістеу жолдарын қалпына келтірудің барлық ықтимал тәсілдерін қарастырды. Айталық, зерттеу барысында қымбат экодуктар салу киік популяциясының санына әсер етпейтіні анықталды»,- деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, бұл шешім киіктердің жол үстіндегі экодуктармен және жол астындағы өткелдермен жүрмейтінімен ғылыми негізделген. Өйткені олар ашық, тегіс ландшафттарда тіршілік етеді және биік құрылымдардан да, әртүрлі туннельдерден де қорқады.

«Осыған байланысты киіктердің кедергісіз өрістеуі үшін экодуктар салу тиімсіз. Өйткені бұл шаралар оң нәтиже бермейді. Экодуктардың орнына, ғылыми ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес, тиісті ескерту белгілері мен қорғау қоршауларын орната отырып, киіктер өрістейтін учаскелерде еңіс беткейлер салу жоспарлануда»,- деді Олжас Бектенов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер