Миллиондаған жемқорлық. Қазіргі министр бұрынғы министрге меңзеді

1004
Adyrna.kz Telegram

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласындағы жемқорлыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкімет отырысынан кейін журналистер министрге «Соңғы кездері Алматы немесе Түркістан облыстандағы білім басқармасы немесе білім бөлімінің басшылары жүздеген миллион теңгенің жемқорлығы бойынша ұсталып жатыр. Тіпті олардың ішінде өз өзіне қол жұмсаған адамдар бар. Осы дүние сізді алаңдатпай ма? Білім саласындағы жемқорлық балаларға сапалы білім беруге кедергі келтірмей ме? Бұл мәселеде өзіңізді айыптымын деп есептемейсіз бе?» деп сұрақ қойды.

"Жалпы сізге белгілі оқу-ағарту менен жемқорлық сәйкес келмейтін ұғымдар. Сондықтан да былтыр біз сыбайлас жемқорлық агенттігімен бірлесе отырып осы салдағы мәселелерді толыққанды зерттеуге кірістік. Сол бағытта жол картасы әзірленді, мен бірнеше рет мектеп және білім басқармасы мен білім бөлімінің басшыларыменен көптеген кездесу, семинарлар өткіздік. Сондықтан да қазір көп анықталып жатқан жағдайлар яғни, 2020 жылдан бастап жіберілген қателіктер шығып жатыр. Бұл біздің бірлескен жұмысымыз. Жалпы бұл салада жемқорлық атымен болмауы тиіс, тазалық болуы керек. Сондықтан бұл бағытта біз барлығымыз бірлескен жұмыс жасауымыз керек", – деді министр.

Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың 13 маусым күні Білім және ғылыми министрі болып тағайындалды. Демек Ғани Бейсембаев «2020 жылдан бастап жіберілген қателіктер шығып жатыр» деп Асхат Аймағамбетовты айыптағандай болды.

Пікірлер