Жетісуда жолаушылар автобусы өртенді

1167
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«16 ақпан күні сағат 10:38-де Жетісу облысы ТЖД кезекші бөліміне Көксу ауданы Балпық би ауылында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жерге Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді.

Оқиға орнына келген соң, жолаушылар автобусының ашық жануы орын алғаны анықталды. Өрт 10:58-де өшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, тілсіз жауды сөндіруге Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.

Пікірлер