Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға ескерту жасады

2212
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rus.postimees.ee
Сурет: rus.postimees.ee

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына ауа райы туралы ескерту жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Департамент бүгін, 16 ақпанда қалада жауын-шашын, көктайғақ болып, ауа температурасының күрт төмендеуі күтілетінін атап өтті.

«Аяз фонында электр желілерінің шамадан тыс жүктелуінен, электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзудан, газ жабдықтарын, көмір пештерін дұрыс пайдаланбау және қолдан жасалған жылыту құрылғыларын пайдалану салдарынан тұрмыстық өрттердің шығу ықтималдығы артады. Демалыс күндері сынап бағанасы - 20 градусқа дейін төмендейді»,—делінген хабарламада.

Алматы қаласы ТЖ департаменті ескертеді:

  • бірнеше электр құрылғыны бір розеткаға қосуға қатаң тыйым салынады;
  • тоқ көздеріне қосылған электр құрылғыларын ұзақ уақыт қараусыз қалдыруға болмайды;
  • электр құрылғысының қатты қызуы немесе сымдардың зақымдалған оқшаулауы анықталған жағдайда, оны дереу тоқтан ажыратыңыз.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер