Теннисші Жібек Құламбаева Тайландтағы турнирдің жартылай финалына шықты

1370
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландта өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли мен қытайлық Лю Фанчжоуды жеңді.

Бұл жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сет оңайлау болды – 6:2. 

Құламбаева-Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Бұған дейін, Құламбаева жарыста 4-ракетка болып тіркеліп, Таиландтың өкілі Ланлана Тарраудимен бірге алғашқы айналымда үнді Лил Десаи мен ресейлік Анастасия Сухотинаны жеңген болатын.

Пікірлер