Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландта өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли мен қытайлық Лю Фанчжоуды жеңді.
Бұл жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сет оңайлау болды – 6:2.
Құламбаева-Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Бұған дейін, Құламбаева жарыста 4-ракетка болып тіркеліп, Таиландтың өкілі Ланлана Тарраудимен бірге алғашқы айналымда үнді Лил Десаи мен ресейлік Анастасия Сухотинаны жеңген болатын.
Related news
A public discussion will be held in Almaty regarding the construction project of the nuclear power plant
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge