Аялдамадағы апат. Көлік жүргізушісі жүргіншілерді қағып кетті

1000
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Павлодарда жеңіл автокөлік автобус аялдамасындағыларды қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Екі адам ауруханаға жеткізілген.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге қатысты пікір білдірді.

"Оқиға орнынан Павлодар облыстық балалар ауруханасына 2009 жылы туған бала бас миының шайқалуы және бас миының жабық жарақатымен келіп түсті. 1999 жылы туған екінші жігіт Павлодардың № 1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Ол жамбас жарақатын алып, амбулаториялық емге ауыстырылды", - деп мәлімдеді өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.

Пікірлер