Антикор Сәтбаев қаласының әкімін қамауға алды

2296
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Сәтбаев қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты растады. Былтыр ғана Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалған Шапағат Әубәкіров қазір қамауда отыр.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген антикор хабарламасында.

Шапағат Әубәкіров Сәтбаевтың әкімі болып 2023 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Шенеунік әкімдік қызметіне дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Әлеуметтік желілерде әкімнің мердігерден 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталғанын айтылған.

Желіде шенеуніктің 10 миллион теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер