Моңғолияның экс-президенті Путиннің дегенін жоққа шығарды

2167
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алексей Дружинин/ТАСС
Фото: Алексей Дружинин/ТАСС

Моңғолияның бұрынғы президенті Цахиагийн Элбагдорж Владимир Путиннің американдық тележүргізуші Такер Карлсонға берген сұхбатына жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW.com ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сұхбатта Ресей президенті Путин қазіргі Украина территориясының көп бөлігі бұрын Ресей империясының құрамында болғанын бірнеше рет еске салған болатын.

Элбагдорж дүйсенбі, 12 ақпанда Х әлеуметтік желісінде жариялаған картада қазіргі Ресейдің шекарасының аумағы Шыңғыс хан империясының бір бөлігі сияқты көрсетілген.

"Путиннің сұхбатынан кейін, мен Моңғолияның тарихи картасын таптым. Уайымдамаңыз. Біз бейбіт және еркін ұлтпыз", - деп жазды бұрынғы моңғол президенті Ресейдің Украинаға басып кіруін ақтайтын ресейлік үгіт-насихаттың негізгі тезистерінің бірін ирониялап.

Жалпы, Моңғолия Мәскеумен тығыз экономикалық және саяси байланыстарды сақтайды, елде мектепте орыс тілі оқытылады. Ресейдің Украинаға қарсы соғысында ел ресми түрде бейтарап позицияны ұстанады. Сонымен бірге, 2022 жылы Элбагдорж Путинді шапқыншылықты тоқтатуға шақырды. Ол өзі Моңғолия президенті қызметін 2009 жылдан 2017 жылға дейін атқарды.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер