Құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін боранда 18 шақырым жаяу жүрген (ВИДЕО)

1441
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін ақтүтек боранда 18 шақырым жаяу жүрген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құтқарушылардың бірі, қарауыл бастығы Ақдәулет Әлидің мәлімдеуінше, медициналық көмек Мұғалжар ауданы Басшилі ауылының 73 жастағы тұрғынына қажет болған .

«Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі, Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түсті. Оны аудандық ауруханаға жеткізу керек болды. Трэколмен шықтық. Ауа райының қолайсыздығынан көлік алдына екі адамнан кезектесіп шығып, жүгіріп отыруға тура келді. Өйткені, қарға адым жерді көру мүмкін емес еді. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз»,—деді ол.

Құтқарушылар бір бағыттың өзіне 3 сағаттан астам жүрген. Олар кезектесіп, бір жарым шақырым сайын ауысып отырған. Осылайша, науқасты аман-есен Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жеткізді.

<

Пікірлер