Премьер-министрдің бірінші орынбасары Тамара Дүйсенова бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың не себепті жұмыстан босатылғанын айтты. Бұл туралы ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында журналистердің сауалына жауап бере айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Ажар Ғиниятқызы алдына қойылған міндетті орындады. Жұмысын жақсы істеді. Енді жаңа міндет тұр. Жаңа міндет – бұл МӘМС жүйесінің қаржылық бөлігін айналдыру. Осы МӘМС-тің тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде жаңа өзгерістер қажет", – деді Дүйсенова.
Еске салайық, Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі лауазымына 2022 жылғы 11 қаңтарда тағайындалған еді. Ол министр қызметін 2 жыл атқарды.