Министр орнында қалған күні дрондар сыналды

1212
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық кәсіпорын өкілдері ҚР Қарулы күштерінің жасағы үшін арнайы ұшқышсыз ұшатын аппараттар әзірледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеп. 

Есепте барлық ұшқышсыз ұшатын құрылғылар заманауи бейнебақылау қондырғыларымен, сенсорлармен, қашықтық өлшеуіштермен және тепловизорлармен жабдықталғаны атап өтілді. Сарапшылардың назарына түрлі ұшақтар ұсынылды. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар арнайы резеңке таңғыштың керілуін пайдаланып, тікұшақ сияқты тік көтеріліп, ұшақ сияқты ұшуды жалғастыра отырып, катапульттан аспанға көтерілді.

«Бұл дрондарды отандық өндірушілер жасап шығарды және аз уақыт ішінде жасап үлгерді. Олардың жұмысының нәтижесін анық көріп, бағалай алдық. Әрине, әлі де жақсарту қажет. Дегенмен, бұл жақсы бастама», - деді Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының офицері, полковник Ержан Жақашев.

"Отандық өндірістік компаниялар әскерилердің барлық талаптары мен өтініштерін ескеруге тырысқаны атап өтілді. Отандық ұшқышсыз ұшақтарды қабылдау бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге және оларды кейіннен техникалық қызмет көрсету және жаңғырту мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді", делінген ведомство хабарламасында.

«Бізде өте тиімді күндізгі және түнгі камералар, позицияны анықтау функциясы, лазерлік қашықтықты анықтау құралы және оқ-дәрілерді шығару жүйесі бар. Мұндай сипаттамалар артиллерияны нысанаға бағыттауға мүмкіндік береді. Оларға Қарулы Күштердің мамандары оң баға береді деп ойлаймын», - дейді өндіруші өкілі Айбек Ақыш.

Пікірлер