Денсаулық сақтау министрі белгілі болды

1354
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна» ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы Қызылорда қаласында 16.02.1971 дүниеге келген.

Алматы мемлекеттік медицина институтын 1994 жылы педиатрия мамандығын бітірген.
Одан бөлек Қорқыт ата университеті экономист мамандығын тамамдаған.

Жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушы-гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр

Медицина ғылымдарының докторы (2010)

Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінің дәрігері;
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999);
Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);
Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003);
Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004);
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007);
Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013);
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014);
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015);
Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019);
"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан депутаты.

IV және V шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияның басшысы.

"Аманат" партиясының мүшесі (2007 жылдан бастап)

"Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері;
"Шапағат", "Астана-10 жыл";

"ҚР Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісінің иегері;
"Nur Otan" партиясы төрағасының Алғыс хатымен маратпатталған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер