Легионер Мулюбырхан мүлт кетті

1748
Adyrna.kz Telegram
@SprintCycling
@SprintCycling

Астаналық шабандоз мәреге 6 шақырым қалғанда апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы kris.p.media телаграм-арнасы мәлімдеді.

Astana Qazaqstan Team шабандозы Хенок Мулюбырхан Сауд Арабиясында өтіп жатқан Al-Ula Tour көпкүндігінің төртінші кезеңінде апатқа ұшырады.

Апат мәреге 6 шақырым қалғанда болған. Өкінішке қарай, ол бұғана сүйегінің сынуынан күдіктеніп, жарыстан бас тартуға мәжбүр болды. Кейінірек сол жақ сүйегінің сынғаны расталды, бірақ спортшы өзін жақсы сезінетінін және басқа жарақаттар табылмағанын хабарлады.

Еске салайық, Хенок Мулюбырхан Сауд Арабиясында өткен Al-Ula Tour екінші кезеңінде екінші орын алып, Astana Qazaqstan Team командасына бірінші жүлдені әкелді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер