Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

1759
Adyrna.kz Telegram
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілер запасқа шығарылады.

Олар:

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері;
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі.

Дәл сол кезде Қазақстанның Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ ер адамдар шақырылады. Мерзімді әскери қызметке шақырылатындардың жасы - 18-27 аралығында.

Пікірлер