"Мен мінсіз емеспін". Досаев Алматы әкімі лауазымындағы жұмысы туралы пікір білдірді

1540
Adyrna.kz Telegram

Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметіндегі екі жылдағы жетістіктері туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әкімнің Алмалы ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуінде журналист Ерболат Досаевты екі жылдан бері әкімдік қызметте келе жатқандығымен құттықтады. Сондай-ақ, журналист осы екі жыл ішінде Алматы әкімі қандай істермен мақтанатынын сұрады.

Досаев бұл мәселе оның өзі емес, алматылықтардың қалай бағалайтынында екенін атап өтті.

"Алматының игілігі мен дамуы үшін шын жүректен жұмыс істеймін. Көптеген түрлі істер жасалды, бәлкім кей дүниелерге үлгермей де қалған шығармыз. Менің ойымша, бұл жеке әңгіме тақырыбы болады деп үміттенемін. Бұл жерде мәселе менің сезімімде емес, азаматтардың еңбегімді бағалауында. Егер осы кездесу және менің болашақ кездесулерім немесе біз жасайтын істер мақұлданып жатқан болса, онда мен өз орнымдамын және өз жұмысымды сапалы орындауға тырысып жатқандығымның белгісі. Біз саңырау емеспіз, естиміз. Әр жолы біз сіздің идеяларыңызбен, сұрауларыңызбен алға ұмтыламыз. Біз тірі адамдармыз, біз мінсіз емеспіз, мен де әкім ретінде мінсіз емеспін. Бірақ екі жыл әр түрлі болды, мұны айтуға уақыт болса, болашақта айтып беремін", - деп жауап берді Алматы әкімі.

Пікірлер