Сирияда соғысқан қазақстандықтың ұсталғаны хабарланды

1704
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК

27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлда ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Күдікті Алматыға айдауылмен депортацияланды.

Ақпарат бойынша, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кеткен. Онда жас жігіт қарулы топтардың біріне кірген.

Қазақстандықты отанына әкелу үшін ҰҚК түркиялық әріптестерімен бірлесіп, жұмыс істеді. Сондай-ақ Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі қолдау көрсеткен.

«Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 257-бабы («Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу») бойынша іс қозғалды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер