"Жөндеу жұмыстары жасалмаған". Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылды

851
Adyrna.kz Telegram
Петропавлда құлаған шатыр
Петропавлда құлаған шатыр

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде шатыр опырылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қала әкімі Серік Мұхамедиев Instagram парақшасында көпқабатты үйлердің бірінде шатыр опырылғаны туралы жазды.

 "Соңғы күндері қалада қалың қар жауды. Жауын-шашынның мөлшері нормадан екі есе көп болды. Қар мен мұздың жиналып қалуына байланысты, бүгін Абай көшесі 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті. Айта кету керек, мұнда шатырды жөндеу жұмыстары ешқашан жасалмаған екен. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр. Кейін шатырды қалпына келтіру мәселесін тұрғындармен бірлесіп шешетін боламыз", - деп жазды әкім.

Әкімнің айтуынша көппәтерлі тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-ші жылдарда салынғанын атап өтті. Тіпті кейбірі салынғаннан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген. Салдарынан подъездер ескіріп, ғимараттардың тозығы жеткен. Әкім:

Сондықтан осы сынды апатты жағдайларды болдырмау үшін шатырларды қар мен мұздан уақытылы тазарту қажеттігін атап өткім келеді,-деп жазды.

Пікірлер