Анасын іздеген Жәнібек қазақ тілін үйреніп жүр

1563
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бельгиядан туған анасын іздеп келген қазақ баласы Жәнібек қазақ тілін үйреніп жүр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Жәнібектің жеке парақшасына сілтеп.

Jani Eddy J Saveliev есімді азамат туған анасын іздеп Қазақстанға келген болатын. Ел ішінде Жәнібек аталған қазақ баласы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Ол желідегі видеосын қазақша дыбыстап, мәтінін де қазақша жазған.

Арманым терең мұхитқа сүңгу болатын. Соңғы бірнеше күнде диплом алдым. Қазақша сөйлеу арқылы сіздерді өзіммен бірге арманыма апарғым келеді. Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті. Мен сізді өзіммен бірге арманыма апарғым келеді, қазақша сөйлеп (сөйлеуге тырысып). Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті. Менің әлемге көзқарасым және сезімдерім оң дамыды.
Сізге тағы да рахмет! - деп жазды Жәнібек.

Пікірлер