Қуандық Бишімбаевқа тағы бір қылмыстық бап бойынша айып тағылды

1745
Adyrna.kz Telegram

Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті, Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев «ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіруден» бөлек, «азаптау» баптары бойынша айыпталып отыр. Бұл туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады, - деп хабарлайды "Адырна" порталы КТК-ге сілтеме жасап.

Бишімбаевты «Азаптау» бабы бойынша төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. 8 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан әйел адамның алған жарақатынан көз жұмғаны айтылды. Кейін марқұмның экс-министр Салтанат Нүкенованың әйелі екені белгілі болды.

Бишімбаев сол күні кісі өлтірді деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. 11 қарашада Салтанат Нүкенова Павлодарда жерленді. Ерлі-зайыптылардың үйленгендеріне бір жылдай уақыт болған болатын.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер