«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

1213
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Бүгін Мәжілісте “Ашық НҚА” порталындағы ашық талқылаулар мен ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу туралы заң жобасы қарастырылып, кеңінен таныстырылды. Осыған байланысты Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева өз Facebook парақшасында жазба жариялады.

“Бүгін Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысуы туралы заң жобасы таныстырылды.

Заң жобасының негізгі мақсаты – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі іске асыру және барлық билік тармақтарының ашықтығы деңгейін арттыру.
«Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылаулар өткізу және депутаттық заң жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдау мәселесі төңірегінде қызу пікірталас болды.

Қазіргі кезде қорытынды жасауға әлі ерте екенін айта кеткім келеді. Заң жобасы бойынша жұмыс тобы енді ғана өз жұмысын бастамақ.
Үкімет депутаттық корпуспен бірлесіп, талқылаулардан кейін екі жаққа да қолайлы шешім шығарады деп пайымдаймын.

Естеріңізге сала кетейін, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылдан бері қолданыста және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған”, - деді министр.

 

Пікірлер