Аида Балаева Президенттің жаһандық ахуалға қатысты үндеуіне пікір білдірді

789
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі әлемдік экономикалық жағдайға байланысты жасаған мәлімдемесіне қатысты Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министр өз жазбасында Мемлекет басшысының сөздерінде елдің болашағына сенім мен жауапты көзқарас айқын көрінетінін атап өтті:

"Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның ұстанатын бағытын айқындап берді. Шынында да, әлем бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарыстың алдында тұр. Осындай күрделі кезеңде ел тізгінін ұстап отырған басшының сабырлы, байыпты әрі сенімді мәлімдемесі – халық үшін үлкен тірек. Мемлекет сыртқы қысым мен өзгерістерге қарамастан даму жолын жалғастырады. Бұл – жүйелі әрі нақты жоспармен жүзеге асады." – деп жазды Балаева.

Ол сондай-ақ Тоқаевтың “дағдарыстың да өз қайыры бар” деген сөзіне ерекше тоқталды.

"Әр дағдарыс – жаңа мүмкіндік. Президенттің осы сөзі – әрбір басшы мен қоғам мүшесіне ой салуы тиіс. Мұндай сын-қатер кезеңінде әрқайсымыздан жауапкершілік пен шұғыл әрекет талап етіледі. Елдің мүддесі бәрінен биік тұруы керек," – деді министр.

Аида Балаева Үкімет пен әкімдерге берілген тапсырмалардың нақты іске асатынына сенім білдіріп, халықты сабыр мен сенімге шақырды.

"Қазіргідей күрделі кезеңде бірлігіміз бекем болса, алынбайтын асу жоқ. Ел Президенті нақты бағытты көрсетіп отыр. Біз сол жолмен нық қадаммен жүруіміз керек", – деп түйіндеді министр өз жазбасын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер