Мерзімі аяқталды. Ирандағы елші Аралды құтқару қорына қызметке тағайындалды

1134
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбайды қызметінен босатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Оразбай Асхат Тұтқышбайұлы Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Оразбай 2019 жылдың қаңтарынан бері Ирандағы елші қызметін атқарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Асхат Оразбайды Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы комитетінің төрағасы етіп тағайындады.

«Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Оразбай Асхат Тұтқышбайұлы Аралды құтқару халықаралық қорының Атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарламада.

Пікірлер