Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Головкиннің байлығы жайлы деректер айтылды

3942
Adyrna.kz Telegram

Wealthy Gorilla редакциясы әлемдегі ең бай 50 боксшының тізімін жариялады. Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) бұл тізімнің 20-қатарына  табан тіреді, деп хабарлайды “Адырна. 

Басылымның мәліметінше, 41 жастағы Головкиннің байлығы 30 миллион долларға бағаланған.

«Головкиннің әртүрлі брендтермен, соның ішінде әлемдегі ең қымбат сағаттарды жасайтын Hublot және Chivas Regal алкогольдік сусынымен индоссаменттік келісімдері бар», - делінген мәтінде.

Сондай-ақ, 2006-2018 жылдар аралығындағы кәсіпқой мансабында Головкиннің бірде-бір жеңіліс көрмегені және бірде-бір рет нокаутқа түспегені атап өтілген.

450 миллион доллар дәулеті бар рейтингтің көшбасшысы америкалық Флойд Мейвезер. Екінші орында тағы бір америкалық – Джордж Форман. Үшінші орында 200 миллион доллармен филиппиндік Мэнни Пакьяо. Сондай-ақ тізімде ағайынды Владимир ($90 млн) және Виталий Кличко ($80 млн) - сәйкесінше 8 және 10 орындарды алып тұр.

Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек өткізіп, Сауль «Канело» Альварестен жеңіліп қалды. Өткен жылы қазақстандық чемпиондық атағын қорғаудан бас тартқандықтан, IBF, WBA және IBO чемпиондық белбеулерінен айырылған болатын. Кейбір сарапшылар Головкиннің титулды қорғаудан бас тартуын оның белбеу үшін жекпе-жектегі қазақстандық қарсыластарының көңілінен шықпайтын DAZN стриминг-сервисімен тиімді келісім-шартының болуымен түсіндіреді.

Пікірлер