Алматыда биыл жаңа электр станциясы іске қосылатыны хабарланды

1165
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыда қуаты 80 МВТ болатын қосалқы электр станциясы салынып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, электрмен жабдықтау саласын модернизациялау үшін 200 мың тұтынушыны қамтитын электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр.

«2024 жылдың қыркүйегінде қуаты 80 МВт болатын «Тұзды бастау» қосалқы станцияның құрылысын аяқтау жоспарда. Айта кетерлігі, сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2040 жылға дейінгі перспективамен Алматы қаласының электр желілерін дамытудың 2030 жылға дейінгі сызбасының жобасы әзірленді», - деп хабарлады әкімдіктен.

Оған кабельдік желілерді, трансформаторлық қосалқы станцияларды, жабық тарату құрылғыларын салу және реконструкциялау кіреді.

Алматы мен қалаға қосылған аумақтарды электрмен жабдықтау сызбасын әзірлеу қосымша электр қуатын қосу бойынша тапшылықты жоюға, Бас жоспарға сәйкес қаланың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Жобаны іске асырғаннан кейін тозған желілердің азаюына байланысты тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру көзделген. Алматы қаласы бойынша электр желілерінің ұзындығы – 8,6 мың км, ал электр желілерінің тозуы 65%»,- делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Пікірлер