Іздеудегі 2 жыл. Әділет Ораздың Қырғызстанда ұсталғаны хабарланды

3801
Adyrna.kz Telegram
mvd.gov.kg
mvd.gov.kg

Қырғызстан Ішкі істер министрлігі Бішкекте бет-әлпетін тану функциясы бар сыртқы бейнебақылау камералары арқылы қаржылық пирамида құрып, оны басқарғаны үшін іздеуде жүрген азаматты тіркегенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы bes.media сайтына сілтеме жасап.

"2023 жылдың желтоқсан айының соңғы күндерінде Бішкек қаласында Алматы қаласы Медеу ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 217-бабы «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бойынша іздеу жариялаған Қазақстан Республикасының азаматы Ә.О. тіркелді. Бұлтартпау шарасы – қамауға алу", – делінген хабарламада.

Сипаттама мен фотосуретке қарағанда, ұсталған азамат Әділет Ораз. Айыпталушы 2 жыл бойына іздеуде болған.

"Қазақстанда 2021 жылдың сәуірінде зардап шеккен инвесторлар полицияға үш компанияның қызметіне қатысты ұжымдық арыз беріп, оларды қаржы пирамидасы деп атады. Бұл компаниялар өздерін аса табысты инвестиция саласында табысты ұйым ретінде көрсеткен. Алматының тумасы болып табылатын ұсталған азамат Ә.О. қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікке ілінген (Mudarabah Capital). Олар осы жобаның жетекшілерін ұстай бастағанда, қашып үлгерді", - деп хабарлады Қырғызстан ІІМ.

Сонымен қатар, Mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалауға тартылған вайнер Әзімжан Саидбаев іздеуде.

Mudarabah Capital инвестициялық пирамида принципі бойынша жұмыс істеді. Құрастырушылар клиенттердің ақшасы мемлекеттік сатып алу жобаларына жұмсалды деп мәлімдеді. Оларға ай сайын 20% пайда уәде етілген. 200 жәбірленуші Mudarabah Capital арқылы Astex.kz шотына шамамен 2 миллиард теңге аударған.

Басты сот өткен жылдың маусым айында аяқталды. Айыптамалық корпуста 12 адам болды, оның екеуі вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов болды. Айыпталушылар қаржылық пирамиданы жарнамалаған. Олар бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушылар мен қаржы пирамидасының жетекшілері 6 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Ал Әділет Ораз мен Әзімжан Саидбаев қашып жүрген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер