Абайлаңыз! Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

1480
Adyrna.kz Telegram
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Алаяқтықтың жаңа әдісі WhatsApp әлеуметтік желісі, хабарлама арқылы жүзеге асады.

Бұл туралы алғашқылардың бірі болып депутат Дәулет Мұқаев жазды.

"Олар қазақша сайрай бастады! Сақ болыңыздар! Алаяқтықтың жаңа түрі осындай хаттар смс түрінде де, уатсапқа да келіп жатыр. Бүгін маған 3 хат келді. Сілтемені бассаңыздар, сіздердің жеке деректеріңізді алып, атыңызға  несие рәсімдеп жібереді. Қысқасы, өзгелерге, әсіресе балаларыңызға айтыңыздар. Қазпошта қызметі болса арнайы 1499 нөмірінен ғана смс келеді! Әрі пошта қызметі сізге уатсапқа жазбайды", - деп жазды Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында.

Пікірлер