Алаяқтар Қазақстан азаматтығын рәсімдеу туралы жалған жарнама таратқан

749
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Алаяқтар ресейліктерге қазақстандық азаматтықты рәсімдеу туралы жалған жарнама таратуда, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Хабарландыруда азаматтықты сатып алу мүмкіндігі 6500 еуродан басталатыны және бөліп төлеу мүмкіндігі бар екені айтылған. Қазақстандық паспорттың бірқатар артықшылықтары бар екені, соның ішінде тегін медициналық көмек, 90 елге визасыз кіру және Е-2 америкалық визасын алу мүмкіндігі көрсетілген.

Қазақстан ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны алаяқтық деп атады.

"Интернетте кеңес беру, құжаттарды жинау және ІІМ органдарында бірқатар көші-қон қызметтерін, соның ішінде азаматтық алу рәсімін ресімдеу бойынша қызмет көрсететін компаниялардың жарнамалары жариялануда. Алайда бұл фирмалар азаматтық та, жеке басты куәландыратын құжаттар да бермейді. Осыған байланысты ІІМ интернет арқылы алаяқтық жағдайлары болуы мүмкін екенін ескертеді," – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ІІМ Қазақстан азаматтығын алудың жалғыз жолы – ішкі істер органдарына жеке өтініш беру екенін еске салды. Құжаттар пакетін сенімхат бойынша немесе үшінші тұлғалар арқылы тапсыруға тыйым салынады.

Пікірлер