Тоқаев Мәжілістің 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді

1222
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Мәжілістің заң шығару қызметі туралы баяндалды.

«Сессия басталғалы бері 35 заң қабылданып, Сенатқа жолданды. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану, бизнес жүргізу, тәлімгерлік пен балалардың қауіпсіздігі, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыс орындарында еңбек ететін азаматтарды арнайы төлемақымен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін құжаттар қабылданды»,—деді Ерлан Қошанов.

Айтуынша, қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 69 заң жобасы жатыр және оның үштен бір бөлігіне Мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болған.

Бұдан бөлек төраға бюджет кодексі, халықтың тым көп несие алуын төмендету, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік сатып алу, ғылым және технологиялық саясат, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жылу энергетикасы, масс-медиа, адам саудасына қарсы іс-қимыл және басқа да заң жобалары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді;

Мемлекет басшысы Мәжілістің 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді. Президенттің айтуынша, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағдарына қатысты негізгі шараларды жүзеге асыруды көздейтін заңдарды қабылдау қажет екеніне назар аударды.

Пікірлер