TVcom неліктен Қазақстанда ресейлік арналарды көрсетуден бас тартқанын түсіндірді

1453
Adyrna.kz Telegram

Осы жылдан бастап TVcom компаниясы не себепті Ресей арналары көрсетілмейтінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы kursiv.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін «Бірінші арна» өкілдері компанияның қарыз екені хабарлаған болатын. Ал «TV Commerce» ЖШС директоры Талғат Шәкенов мәселе ресейлік холдинг ұсынған нарықтық емес шарттардан туындағанын жеткізді.

Шәкеновтің айтуынша, Бірінші арна бағаларды қымбаттатуды көздеп отыр. Ал TVcom қымбат бағаларды төлей алмайды. Оның ойынша, Бірінші арнаның осы жылға қойған бағасы ақылға қонымсыз.

«Негізінен, біз құнына келісе алмадық. Біз бастапқыда нарықтық емес шарттарына көңіліміз толмай, бірнеше жыл қатарынан олармен келіссөздер жүргізуге тырыстық. Біз өз ойымызды жеткізуге тырыстық, олар шартты қайта қарап, шешімін табатынын айтып, уәде берді. Нәтиже біз күткендей болмады. Жалпы, біз өткен жылдың басында оларды өшіруге дайын едік. Себебі ол арналардың құны өте жоғары болды. Бірақ құнын қайта қараймыз деп уәде бергендіктен, өшірмедік. Ал келісімшарт 31 желтоқсанда аяқталды», – деп түсіндірді ол.

«Бізге олардың нарықтық талаптарға сәйкес бағаны түсіргені керек. Әзірге біз де, олар да айтқанымыздан қайтпай отырмыз. Біз мұндай бағаларға көне алмаймыз. Себебі олар ұсынған сома ақылға қонымсыз», – деді TV Commerce директоры.

Айта кетейік, бұған дейін журналист, медиа-сарапшы Диана Окремова "Біз ресейлік арналарға өзімізде хабар таратқаны үшін ақша төлейміз. Ал біз ол жақта хабар таратқанымыз үшін Ресейге төлейміз. Хабар тарататын бағдарламалар белгілі бір сомаға бюджет қаражатын пайдаланып, ресейлік қоғамның проблемаларын көрсетеді", - деп пікір білдірген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер