Илон Маск саясатына қарсы наразылық. Тesla акциялары күрт арзандады

696
Adyrna.kz Telegram

7 сәуір күні Tesla компаниясының акциялары алдын ала саудада 214 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Oxu.Az-ға сілтеп.

Bloomberg пен Oxu.Az хабарлауынша, мұндай құлдырауға компанияның ішкі мәселелерінен бөлек, АҚШ президенті Дональд Трамптың жариялаған сауда соғысы себеп болған. Импортқа салынған жаппай кедендік салықтар инвесторлар арасында үлкен алаңдаушылық тудырып, қор нарығы күн сайын бірнеше пайызға төмендеп жатыр.

Бұған дейін, Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейін Tesla акциялары шарықтау шегіне жеткен еді. Себебі Илон Маск республикалық президенттің жақын одақтасына айналып, мемлекеттік басқаруды тиімді ету жобаларына қатыса бастады. Бірақ Трамптың алғашқы қадамдары мен Tesla-ның әлсіз сатылым көрсеткіштері акциялардың құлдырауына әкелді.

Желтоқсандағы ең жоғары көрсеткішпен салыстырғанда акциялар 1,5 есе арзандады. Бұған Масктың саяси белсенділігіне қарсы наразылықтар мен компания имиджінің нашарлауы әсер еткен.

Маск алғаш рет Трамптың бағытына қарсы шығып, ЕО мен АҚШ арасындағы импорттық баж салығын алып тастау керек екенін айтты. Ал Трамп өз кезегінде Еуропаны АҚШ-тан жүздеген миллиард еуро ұрлады деп айыптап, оны қайтаруды талап етті.

Айта кетейік, Илон Масктың Америка саясатына белсенді араласуы Tesla компаниясына үлкен қиындықтар тудырғаны туралы хабарлаған едік. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер